Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ

 

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық жүйесі.

ҚАЗТЕСТ жүйесі 2006 жылы құрыла бастады және TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ сияқты басқа да тіл білімін бағалаудың халықаралық жүйелеріне негізделген. Жүйенің мақсаты тестіленушінің коммуникативтік компетенцияларын бағалауға бағытталған.

 

ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы:

 

Тыңдалым – Шағын және ұзақ диалог, қысқа монологтарда және есту арқылы түсінгенін анықтауға арналған тапсырмалар;

Лексика-грамматика – Грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған тапсырмалар;

Оқылым – Алуан мазмұнды, түрлі стильді мәтіндер мен соларды оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар;

Жазылым – Тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты шығармашылық диктант, мазмұндама және ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу.

 

Жүйе деңгейлері

ҚАЗТЕСТ жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі – қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары, жетік деңгейлері негізге алынды. Деңгейлік шкала бойынша белгілі бір көрсеткішке жеткен және өз көрсеткішін көтергісі келетін тестіленушілерде даярлық курсында оқуға және ниеттенген деңгейге жетуіне мүмкіндігі бар, өйткені ҚАЗТЕСТ сатылы бірізділікке бағынады.

kaz_png.png

 

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өту үдерісі

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өту 2 кезеңнен тұрады:

 

1 кезең – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау (диагностикалық тестілеу)

Бұл тестілеу түрі қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған.
Тест тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым және оқылым бөліктері бойынша 150 жабық түрдегі тест тапсырмасынан тұрады.

Тестілеу нәтижесі – анықтама.

 

Деңгейлер

Қарапайым А1 - 31-64 бал

Базалық А2- 65-104 бал

Орта В1 - 105-119 бал

Ортадан жоғары В2 - 120-134 бал

Жоғары С1 - 135-145 бал

Жетік С2 - 146-150 бал

 

2 кезең – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау. Тестіленушіге анықталған деңгейдің тест тапсырмалары ұсынылады.

 

ІІ кезең – сертификаттық тестілеу.

Қазақ тілін білу деңгейі бірінші кезеңнің нәтижесіне сәйкес тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым және жазылым бөліктері бойынша бағаланады. Әр бөлік бойынша дұрыс жауаптың үлесі 60%-дан жоғары болу керек.

Тестілеу нәтижесі – сертификат.

 

Әр бөлікті орындауға бөлінетін уақыт:

• Тыңдалым – 30 тест тапсырмасы, 25 минут;

• Лексика-грамматикалық бөлік – 70 тест тапсырмасы, 60 минут;

• Оқылым– 50 тест тапсырмасы, 65 минут.

 

Тест түрі: 4 ұсынылған жауаптан бір дұрыс жауабын таңдау.

 

«Жазылым» бөлігін бағалау

«Жазылым» бөлігі деңгейіне қарай және Тест спецификациясы мен ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша жазба жұмыстарын тексеру ережелеріне сәйкес бағаланады.

Қарапайым деңгей

Шығармашылық диктант жазу

Базалық деңгей

Шығармашылық диктант жазу

Орта деңгей

Мазмұндама жазу

Ортадан жоғары деңгей

Мазмұндама жазу

Жоғары деңгей

Эссе жазу