Жексенбілік мектеп

    2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында бүгінгі күнге дейін этникалық топтардың ана тілдерін оқыту бойынша жексенбілік мектеп жұмыс атқаруда.

    Жексенбілік мектептерде 4 этнос топтаы қызмет атқарады. Олар татар, неміс, иврит, орыс тілдері. Әр топқа арнайы 72 cағаттық оқу бағдарламасы бекітіліп, аптасына 1 рет сабақ өткізіледі.

   Оқытушылар Германиядан, Қазаннан, сонымен қатар, елшіліктерден, елшіліктер жанындағы ағарту орталықтарынан алынған әдістемелік құралдар, кітаптар, оқытудың техникалық құралдарын қолданады. Этнос тілдерін оқытатын мұғалімдердің тиісті білімдері бар. Корей тілінің мұғалімі А.Б. Пак Оңтүстік Кореяда оқыған, татар тілінің оқытушысы Р.Р.Нуруллина Қазан қаласындағы біліктілікті арттыру курсын бітірген, неміс тілінің оқытушысы О.Р. Бедер Мәскеу қаласындағы неміс үйінің курсында оқыған, иврит тіліне оқытатын Л.С.Бароховская Алматы қаласындағы иврит оқытушыларының курсын бітірген, орыс тілін тереңдетіп оқытатын И.В.Зыкова филология ғылымдарының кандидаты болып табылады.

   Жексенбілік мектептердің оқушылары қалалық деңгейде іс-шараларға, концерттерге белсене қатысады. Ана тілдерінде тақпақтар мен өлеңдер айтып, ұлттық билер билейді. Сабақтарда оқытушылар ана тілдерін оқытумен қатар, сол елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін жандандыру, салттарымен таныстыру, ұлттық мерекелері туралы әңгімелеу сияқты мәселелерге баса назар аударады.

   Қазақстан халқының тілдерін кеңінен насихаттау мақсатында «Тіл – достықтың кепілі» атты қалалық айлықта, этностық топтар арасында тілдер апталықтарын өткізіп отырады. Мемлекеттік тілдің төңірегінде топтасып, өзара келісім мен ынтымақтастықпен қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал етеді.

Этностар тілдерін сақтау және мәдениеттерін өзара байыту үшін біздің орталықта жексенбілік мектептер жұмыс істейді:

Оқытылатын топтар

2013-2014

2014-2015

2015-2016

2016-2017

Барлығы

1

Неміс мәдени «Возрождение» бірлестігінен

неміс тілі

15

15

22

18

70

2

Татар қоғамдық орталығынан татар тілі

16

13

21

30

80

3

Еврей мәдени «Бокер» орталығынан иврит тілі

10

14

12

12

48

4

Қазақстан кәрістері қауымдастығының Семейдегі филиалы кәріс тілі

24

15

-

-

39

5

Орыс мәдени орталығынан орыс тілі

-

-

15

10

25

Барлығы

65

57

70

70

262