Семей қаласында Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде «Мемлекеттік тіл» саясатын жүзеге асыру мақсатында қала әкімінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі №564 қаулысымен «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» КМҚК–ны ашылды. 2015 жылғы 2 сәуірде қала әкімінің №483 қаулысына сәйкес ЖШС-гі болып қайта құрылды.

   Орталықтың негізгі қызметі болып табылатын мемлекеттік тіл, ағылшын тілі және орыс тілдерінің оқыту үдерісі үш бағытта жүзеге асады:

  1. Мемлекеттік қызметшілерге тілдерді оқыту;
  2. Қала тұрғындарына тілдерді оқыту;
  3. Ақылы негізде оқитын топтарға тілдерді үйрету.

Атап айтатын болсақ, 2016-2017 оқу жылы бойынша қазақ тілінен -551 тыңдаушы, ағылшын тілінен- 138 тыңдаушы, орыс тілінен -124 тыңдаушы, барлығы –813 тыңдаушы курста оқытылуда.

   Қыркүйек айында курстарға тыңдаушыларды тарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, қалалық телеарналарда арнайы хабарландырулар жарияланды. Соның нәтижесінде телефон және электронды пошта арқылы курстан өтуге ниет білдірушілерден топтар құрылды. Биылғы оқу жылынан бастап, алыс жерлерде тұратын тыңдаушыларға арналып, SKYPE әлеуметтік желісі арқылы қашықтықтан оқыту қолға алынды.

   «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» 2016 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне орай «Болашаққа қазақ тілімен» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында қалалық медицина орталықтары, әскери бөлімдер және ХҚКО қызметкерлеріне, барлығы 131 адам, мемлекеттік тіл бойынша тегін курстар ұйымдастырылды.

   «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама» мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес қарапайым деңгей-А1, базалық деңгей-А2, орта деңгей-В1, ортадан жоғары деңгей-В2 оқытылады.

   Бағдарламадағы сағат саны әр орталықта әртүрлі болып келеді. Біздің орталықта – 60 сағаттық оқу бағдарламасы болса, енді мемлекеттік қызметкерлерге 120 сағаттан оқытылады.

   Мемлекеттік тілді меңгеруде озық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 4 айлық курстарды меңгеріп шыққандарға деңгейлеріне сәйкес куәліктер мен сертификаттар беріледі.

  • Қазақ тілі өзіміздің қазақ халқының ана тілі және мемлекеттік тіл;
  • Орыс тілі-ресми тіл, ұлтаралық қарым- қатынас тілі;
  • Ағылшын тілі – жалпы өркениет тілі. Әлемге есік ашатын тіл.

   «Үш тұғырлы тіл» саясат шын мәнінде елдің ертеңі үшін керек нәрсе.

   Ең бастысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ең алдымен қазақ-қазақпен қазақша сөйлессін» деп айтқанын жадымызда сақтап, іс жүзінде орындасақ, барлық мәселе өз-өзімен шешілер еді. Аталмаш қадамдар мен шаралар әрбір қазақстандыққа мемлекеттік тілді білу арқасында болашақта бәсекеге қабілетті болатындығын сезінуге мүмкіндік білдіреді.

«Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының»

2014-2017 оқу жылдарына арналған 4 жылдық сараптамалық

АНЫҚТАМА

Оқытылған тіл

2013-2014

2014-2015

2015-

2016

2016-

   2017

Барлығы

1

Мемлекеттік тіл

122

363

392

420

1297

2

Ағылшын тілі

106

194

224

138

662

3

Орыс тілі

42

107

64

124

337

Барлығы

270

664

680

682

2296