Басты » 2017 » Наурыз » 2 » Алғыс айту күні мейрамы
12:05
Алғыс айту күні мейрамы

Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген 1 наурыз – Алғыс айту күні елімізде Елбасының  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында көтерген  бастамасы бойынша екінші жыл тойланып отыр. Осыған орай «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында» жексенбілік мектептер топтарының қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті.

Шараға неміс, татар, орыс, еврей  тілі топтары мұғалімдері және тыңдаушылары қатысып, өз тілдерінде құттықтап,  ән мен өлең жолдарын  арнады. Мерекелік жиын соңында орталық директоры О.А.Соғымбай қатысушыларға алғысын білдіріп, жексенбілік мектептерге Алғыс хаттар тапсырды. 

Просмотров: 285 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0