• Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. (Қадыр Мырза Әлі)

2017 жылдың 14 маусымында Семей қаласы бойынша "ҚАЗТЕСТ" өтеді. Сертификатқа қол жеткізгісі келетін қала тұрғындары төмендегі телефондарға хабарласуына болады.

Контактілер

Телефон: +7 (7222) 52-63-46

Факс: 52-63-46

Электрондық почта: semey_tyl@mail.ru

SKYPE-ке қоңырау шалу: +77012020571

Біздің мекенжайымыз:

Семей қаласы, Ленин көшесі 4, 12 кабинет.

Жұмыс уақыты

Дб. – Жм.

09:00 - 18:00

Үзіліс: 13:00 - 14:00

Просмотров: 484 | Добавил: semey_tyl | Дата: 02.06.2017

«Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында» 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Қарулы күштері күні мерекесіне орай «Елін қорғау-ерге серт» атты мерекелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе Шабылуылына Қарсы күштері 31767 әскери бөлімінің офицерлері қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе Шабылуылына Қарсы күштері 31767 әскери бөлімінің сержанты Н. Абдиев «ҚР Қарулы күштері және оның құрылуы туралы» баяндама оқып, қазіргі таңдағы патриоттық тәрбие туралы ой қозғап, пікірлерін ортаға салды. «ҚР Қарулы күштері туралы» және «Ұландар» бейнебаянын тамашалады. ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 834 | Добавил: semey_tyl | Дата: 03.05.2017

Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы 2017 жылы 27 сәуірде қалалық Достық үйінде 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай жексенбілік мектеп топтарының арасында Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпын оқып білуге жағдай жасау, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру мақсатында «Бір ел-бір тағдыр» атты қалалық байқауын ұйымдастырды. Сайысқа қазақ, орыс, татар, неміс және иврит тілін үйренушілер қатысты.

Сайыс барасында топтар өздерін таныстырып, әр ұлт өзінің салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын және өнерлерін ортаға салды. Сайыс соңында жексенбілік мектеп топтары «Ең білгір», «Ең тапқыр», «Ең өнерлі», «Ең ұйымшыл», «Ең белсенді» номинацияларымен марапатталып, сыйлыққа бағалы кітаптар тапсырылды. ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 617 | Добавил: semey_tyl | Дата: 01.05.2017

Алаштың 100 жылдығына арналған «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық жоспарына сәйкес «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен 2017 жылдың 24 сәуірінде қазақ тілі пәнінен «Семей Алаш орданың темірқазығы» тақырыбында лекция сабақ өткізілді.

Сабақта тыңдаушыларға Алаш зиялылары туралы мәліметтер берілді. Тыңдаушылар Алаш ордасы туралы өз көзқарастарын білдіріп өз ойларын ортаға салды.

Просмотров: 540 | Добавил: semey_tyl | Дата: 25.04.2017

Алаштың 100 жылдығына арналған «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық жоспарына сәйкес «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17 сәуірінде ағылшын тілі пәнінен «Алаш зиялылары» тақырыбында сабақ өткізілді.

Сабақ барысында тыңдаушыларға Алаш зиялылары туралы мәліметтер берілді. Тыңдаушылар ағылшын тілінде тақырыпқа сай жаңа сөздермен танысып, аударма жұмыстарын жүргізді.

Просмотров: 662 | Добавил: semey_tyl | Дата: 17.04.2017

2017 жылдың 14 сәуірінде Алаштың 100 жылдығына арналған «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық аясында Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы Абайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Алаш арыстарына тағзым» атты әдеби-танымдық кеш (мұражайдағы бір күн) өткізді. Кешке Шығыс Қазақстан облысы тілдер басқармасының бөлім басшысы С.Калигазина, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директорының міндетін атқарушы А.Ботабаева және тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері қатысты.

Кеш барысында Алаш арыстары туралы деректі фильм көрсетіліп, алаштанушы, ғалым, қоғам қайраткері Қ.Нұрқасым, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қаза ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 605 | Добавил: semey_tyl | Дата: 17.04.2017

2017 жылдың 10 сәуірінде Алаштың 100 жылдығына арналған «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық жоспарына сәйкес «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен Көлік колледжінің оқытушылары арасында “КЕШЕГІ АЛАШ ИДЕЯСЫ – БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН” тақырыбында шығармашылық диктант жазу іс-шарасы өткізілді.

Диктант мәтіні 252 сөздерден тұрады. Диктант жазуға жоспарланған 20 колледж оқытушыларынан 15 оқытушы қатысты. Сонымен қатар диктант жазу шарасы «Алаш қозғалысына 100 жыл» қарсаңында орталықтың басқа да топтары арасында жалғасатын табады. ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 647 | Добавил: semey_tyl | Дата: 13.04.2017

   Алаштың 100 жылдығына арналған «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық жоспарына сәйкес «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» медицина университеті тыңдаушылары арасында «Суреттер сөйлейді» атты көрме ұйымдастырды.

Көрме барысында орталықтың қызметкері Алаш қайраткерлері туралы толық ақпарат беріп, тыңдаушылар суреттер бойынша өз пікірлерін білдірді. ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 565 | Добавил: semey_tyl | Дата: 10.04.2017

    Алаштың 100 жылдығына арналған «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық жоспарына сәйкес, 7 сәуір күні«Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының» қызметкерлері қала тұрғындарына «Алаш қозғалысына 100 жыл» атты ақпараттық парақшалар таратты.

Акция барысында орталық қызметкерлері Достық үйіне келген қонақтарға, орталық саябақ серуендеушілеріне «Алаш қозғалысына 100 жыл» атты ақпараттық парақшалар таратып қана қоймай,Алаш қайраткерлері туралы қысқаша ақпарат берді.Қала тұрғындары Алаш қозғалысы туралы білетін мағлұматтарын айтты. ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 618 | Добавил: semey_tyl | Дата: 10.04.2017

    Алаштың 100 жылдығына арналған «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық жоспарына сәйкес «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында» «Алаш қозғалысы туралы білесіз бе?» тақырыбында ақпараттық лездеме өтті. Лездеме барысында орталық директоры О.Соғымбай облыстық «Алаштың ақ жолы» атты айлық жоспарымен таныстырып, орталық қызметкерлеріне арнайы тапсырмалар берді.

    Сондай-ақ тақырыпқа сай баяндама оқылып, орталық қызметкерлері өз ойларын ортаға салды. ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 654 | Добавил: semey_tyl | Дата: 10.04.2017

1 2 3 4 »