Басты » 2017 » Сәуір » 17 » «Алаш арыстарына тағзым» атты әдеби-танымдық кеш
11:55
«Алаш арыстарына тағзым» атты әдеби-танымдық кеш

2017 жылдың 14 сәуірінде Алаштың 100 жылдығына арналған «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық аясында Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы Абайдың «Жидебай-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Алаш арыстарына тағзым» атты әдеби-танымдық кеш (мұражайдағы бір күн) өткізді. Кешке Шығыс Қазақстан облысы тілдер басқармасының бөлім басшысы С.Калигазина, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директорының міндетін атқарушы А.Ботабаева және тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері қатысты.

Кеш барысында Алаш арыстары туралы деректі фильм көрсетіліп, алаштанушы, ғалым, қоғам қайраткері Қ.Нұрқасым, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының докторы А.Жундибаева және мұражай директоры Б.Жүнісбаевтар баяндама жасады. «Дариға-ай» жастар театры «Алаш арыстары» тақырыбында театрланған көрініс көрсетті. М.Төлебаев атындағы саз колледжінің студенттері «Арыстарым қайдасың» атты әнді шырқап, Халықтық ақындар орталығының мүшелері Алашқа арнауларын оқыды.

Кеш соңында «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығына» кеш қонақтары алғыстарын білдіріп, ой–пікірлерімен бөлісті. Абай мұражайының қызметкерлері қонақтарға «Абай» журналын таратты. Әдеби-танымдық кеш «Алаш арыстары-Мұхтар Әуезов» мұражайына экскурсия жасаумен аяқталды.

Просмотров: 627 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0