Басты » 2017 » Мамыр » 1 » 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бір ел-бір тағдыр» атты қалалық байқауы
11:38
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бір ел-бір тағдыр» атты қалалық байқауы

Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы 2017 жылы 27 сәуірде қалалық Достық үйінде 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай жексенбілік мектеп топтарының арасында Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпын оқып білуге жағдай жасау, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру мақсатында «Бір ел-бір тағдыр» атты қалалық байқауын ұйымдастырды. Сайысқа қазақ, орыс, татар, неміс және иврит тілін үйренушілер қатысты.

Сайыс барасында топтар өздерін таныстырып, әр ұлт өзінің салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын және өнерлерін ортаға салды. Сайыс соңында жексенбілік мектеп топтары «Ең білгір», «Ең тапқыр», «Ең өнерлі», «Ең ұйымшыл», «Ең белсенді» номинацияларымен марапатталып, сыйлыққа бағалы кітаптар тапсырылды.

Просмотров: 623 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0