Басты » 2017 » Мамыр » 01

Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы 2017 жылы 27 сәуірде қалалық Достық үйінде 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай жексенбілік мектеп топтарының арасында Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпын оқып білуге жағдай жасау, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру мақсатында «Бір ел-бір тағдыр» атты қалалық байқауын ұйымдастырды. Сайысқа қазақ, орыс, татар, неміс және иврит тілін үйренушілер қатысты.

Сайыс барасында топтар өздерін таныстырып, әр ұлт өзінің салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамдарын және өнерлерін ортаға салды. Сайыс соңында жексенбілік мектеп топтары «Ең білгір», «Ең тапқыр», «Ең өнерлі», «Ең ұйымшыл», «Ең белсенді» номинацияларымен марапатталып, сыйлыққа бағалы кітаптар тапсырылды. ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 626 | Добавил: semey_tyl | Дата: 01.05.2017