Басты » 2017 » Ақпан » 22 » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты өткен дөңгелек үстел
11:54
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты өткен дөңгелек үстел

   Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында 2016 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы»,  «Мемлекеттік рәміздер», «Азаматтық қоғам» күндеріне орай «Заңды білу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңгері Ж.И.Сүлеев, мәдениет және тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Т.Б.Берікбекова, «Достық үйі» директорының орынбасары С.Қ Ешимова қатысты.

  Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздер және олардың  орналасуы туралы әңгіме қозғалды. Заңгер орталық қызметкерлерінің қойған сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік рәміздер туралы заңға енген өзгерістермен таныстырып өтті.  Дөңгелек үстел соңында қатысушалар заңға байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.    

Просмотров: 400 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0