Басты » 2017 » Ақпан » 23

   «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы»  елімізде үш тілділік саясатын дамыту үшін «Қазақстан-Семей» телеарнасымен бірлесе жұмыс жасауда. Телеарнаның «Қайырлы таң» бағдарламасында орталықтың ұйымдастыруымен «Ағылшын тілін үйренейік» айдары жүргізіледі.

   2017 жылдың 14-16 ақпан күндері «Қазақстан Республикасының Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» жүзеге асыру мақсатында орай «Қазақстан-Семей» телеарнасы қызметкерлері мемлекеттік  тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында КАЗТЕСТ сынағын тапсырды. Алдағы уақытта  осы бағдарлама бойынша серификатқа тестілеу тапсыру жоспарланған.

Просмотров: 339 | Добавил: semey_tyl | Дата: 23.02.2017

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында 23 қараша - «Мемлекеттік шекара» және 24 қараша - «Мемлекеттік тіл» тақырыптық күндеріне  орай тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2098  әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы туралы, еліміздің тыныштығын сақтайтын шекарашылар туралы әңгіме өрбітіп, әскери бөлім қызметкерлері мемлекеттік  тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында КАЗТЕСТ сынағын тапсырды. Кездесу соңында әскери бөлім қызметкерлері орталық қызме ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 355 | Добавил: semey_tyl | Дата: 23.02.2017

   2017 жылдың  3 ақпанында  «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында»   Елбасының «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде 44293 әскери бөлім мен ішкі істер басқармасы қызметкерлері, қала тұрғындары және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика  ғылымының кандидаты Ғазизова Назигул Слямболовна қатысты. Отырыс барысында Елбасының жолдауы бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы сөз қозғалды. Н.С.Ғазизова  «Саяси жүйен ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 388 | Добавил: semey_tyl | Дата: 23.02.2017

   «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы бойынша әскери бөлімдерде мемлекеттік тілді дамыту, оқытуға қатысты басшылық құжаттардың талаптарына  сәйкес ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін айқындау мақсатында КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырулары қажет.

   Осыған орай, ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері  Әскери-әуе күштері қолбасшысының ТжИЖ жөніндегі орынбасарының 2017 жылғы 6 қаңтардағы электронды хабарламасы негізінде Семей қ ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 449 | Добавил: semey_tyl | Дата: 23.02.2017