Басты » 2017 » Ақпан » 23 » Елбасының «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауын талқылау бойынша өткен дөңгелек үстел
10:29
Елбасының «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауын талқылау бойынша өткен дөңгелек үстел

   2017 жылдың  3 ақпанында  «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында»   Елбасының «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде 44293 әскери бөлім мен ішкі істер басқармасы қызметкерлері, қала тұрғындары және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика  ғылымының кандидаты Ғазизова Назигул Слямболовна қатысты. Отырыс барысында Елбасының жолдауы бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы сөз қозғалды. Н.С.Ғазизова  «Саяси жүйенің демократияландырылуы (Қазақстан Республикасының конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы)» атты баяндама жасады. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар баяндамашыға өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. 

Просмотров: 385 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0