Басты » 2017 » Ақпан » 22 » КАЗТЕСТ сынағы сертификаттарын тапсыру рәсімі
10:59
КАЗТЕСТ сынағы сертификаттарын тапсыру рәсімі

   2016 жылдың 16  қыркүйегі күні қалалық Достық үйінде  «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан халықтары тілдері күніне орай облыстық «Тіл шеруі» айлығы аясында КАЗТЕСТ  сынағы сертификаттарын тапсыру рәсімі өтті. Рәсімге ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Ж.Шаймарданов пен «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Б.Көпбаев қатысып, сертификатқа қол жеткізген қызметкерлерді құттықтай отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтата беруге шақырды.

   Сынақ  қорытындысы бойынша сертификатқа қол жеткізген 25 адамға КАЗТЕСТ  сертификаты және  арнайы ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

   Рәсім соңында КАЗТЕСТ қортындысы бойынша ең жоғары С1 деңгейіндегі сертификатта ие болған Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Ақлима Сексенбаева әріптестерін құттықтап, өз ұжымына және «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығына» алғысын білдірді.

Просмотров: 451 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0