Басты » 2017 » Ақпан » 22 » «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты облыстық конференция
11:16
«Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты облыстық конференция

   2016 жылдың  4 қарашасында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай  «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты облыстық конференция болып өтті. Конференция барысында мемелекеттік тілдің мәртебесімен қатар, тілді оқыту жолдары талқыланды.

   Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының, Шығыс Қазақстан облыстық сотының, Өскемен қаласы әскери полицияның өкілдері, мемлекеттік орган басшылары, Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің мамандары, облыстағы жоғары оқу орындарының ғалымдары және Семей, Катон, Зырян, Риддер, Ұлан т.б. аудандардан мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары, оқытушы-әдіскерлері, тіл мамандары қатысты.

   Конференцияға Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры О.А.Соғымбай қатысып, орталықтың жұмысы туралы хабарлама жасады.

Просмотров: 324 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0