Басты » 2017 » Ақпан » 22 » «Неміс тілі – ана тілі және шет тілі, мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел
11:10
«Неміс тілі – ана тілі және шет тілі, мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

.

   2016 жылдың  28 қазан күні «Қалалық достық үйінде»   облыстық «Возрождение»  немістер қоғамдық  бірлестігінің ұйымдастыруымен «Неміс тілі – ана тілі және шет тілі, мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстелге Қазақстандағы Германия елшілігінің өкілі, «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» мұғалімі,  білім бөлімі қызметкері,  №43, 10, 35 мектептер,  Шәкәрім атындағы және  КазГИУ ұстаздары мен студенттері,  НЗМ мұғалімдері мен оқушылары, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж мұғалімі және де оқушылар мен ата-аналар қатысты.  Отырыс барысында неміс тілінің қазіргі таңдағы жағдайы туралы ой қозғалып, келешекте тілді қолданыс аясын кеңейту мақсатында атқарылатын шаралар талқыланды.

   «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының» мұғалімі Л.Мырзаханова орталықтың мақсат- міндеттерімен таныстыра отырып, орталық жұмысы туралы хабарлама жасады. Тіл курстарын ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті.

Просмотров: 290 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0