Басты » 2017 » Ақпан » 23 » ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерімен өткен КАЗТЕСТ сынағы
10:21
ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерімен өткен КАЗТЕСТ сынағы

   «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы бойынша әскери бөлімдерде мемлекеттік тілді дамыту, оқытуға қатысты басшылық құжаттардың талаптарына  сәйкес ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін айқындау мақсатында КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырулары қажет.

   Осыған орай, ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері  Әскери-әуе күштері қолбасшысының ТжИЖ жөніндегі орынбасарының 2017 жылғы 6 қаңтардағы электронды хабарламасы негізінде Семей қаласында 2017 жылы  23-24 қаңтар күндері  Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, әскери сала қызметшілеріне Қазтест жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау сынағы ұйымдастырылды. Сынаққа қала бойынша бес әскери бөлімнен, барлығы 538 әскери қызметші және азаматтық персоналдар қатысты.

   Диагностикалық тестілеу барысында әскери қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейі тыңдалым, оқылым және лексика-грамматикалық бөлімдер бойынша жан-жақты сыналды.

   Болашақта Әскери бөлімдердің  тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімдеріне тест нәтижесіне сәйкес деңгейлерге бөліп оқыту жұмыстарын ұйымдастыру жүктелген.

Просмотров: 447 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0