Басты » 2017 » Ақпан » 22 » «Тәуелсіздік тұғырында  25 жыл» тақырыбында әкімшілік қызметкерлері арасында өткен  диктант жазу іс-шарасы
12:10
«Тәуелсіздік тұғырында  25 жыл» тақырыбында әкімшілік қызметкерлері арасында өткен  диктант жазу іс-шарасы

   2016 жылдың 25 қарашасында тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік тұғырында  25 жыл» тақырыбында әкімшілік қызметкерлері арасында  диктант жазу іс-шарасы өтті. Іс-шараны мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.К.Көпбаев ашып, іс-шараға  қатысқан қызметкерлердің бөлім басшыларына алғыс білдірді.

   215  сөзден тұратын диктант мәтіні Б.Ө.Жақыптың «Кемеңгер: Н.Назарбаев әлем назарында» кітабынан алынған. Диктант қорытындысы  КАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағаланып, Шығыс Қазақстан облысы  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы лингвистикалық орталыққа  жіберіледі. 

Просмотров: 392 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0