Басты » 2017 » Ақпан » 22 » «Тіл  мәртебесі- ел мәртебесі» тақырыбында өткен сайыс
12:01
«Тіл  мәртебесі- ел мәртебесі» тақырыбында өткен сайыс

   2016 жылдың  24 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында «Мемлекеттік тіл» тақырыптық күніне  орай тілдерді оқыту орталығының  ұйымдастыруымен «Тіл  мәртебесі- ел мәртебесі» тақырыбында сайыс болып өтті. Сайысқа  Семей қаласының ІІБ атынан «Семей сақшылары» және Қорғаныс министрлігінің 31767  әскери бөлімінің қызметкерлерінен құралған «Айбын» топтары қатысты. Сайыс барысында топтардың  тілді меңгеру деңгейлері, қазақ тілінде таза сөйлеуі, сөйлеу мәдениеті, топпен жұмыс істеу қабілеттері бағаланды. Сайыс қорытындысы бойынша «Семей сақшылары» тобы «Тіл білгірі», «Айбын» тобы «Тіл шебері» номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Просмотров: 288 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0