Басты » 2017 » Ақпан » 21 » Тілдарын- 2016
11:56
Тілдарын- 2016

     Қазақстан халықтары тілдері күніне орай «Тілшеруі» акциясы аясында қалалық Достық үйінде «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мен «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары студенттері арасында «Тілдарын-2016» олимпиадасы өтті.  Іс-шараның басты мақсаты лингвистикалық талантты жастарды қолдау және анықтау, үш тілді жетік меңгерген  жеке тұлғаны қалыптастыру.

       Олимпиадаға 18 студент қатысты. Олимпиада қортындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталды. І орынды ерекше көзге түскен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің І курс студенті Екатерина Бобко, ІІ орынды Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің студенті Мерейнұр Табулдин иеленсе, ал ІІІ орынды Қазақ Инновациялық университетінің студенті Айсұлтан Балтабаев пен ҚазМЮУ студенті Еркеназ Қасенбай өзара бөлісті. Олимпиада жүлдегерлері мен қатысушыларына дипломдар, Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар тапсырылды.

Просмотров: 398 | Добавил: semey_tyl
Барлық пікірлер: 0