Басты » Архив материалов

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы  2016 жылы  8 желтоқсанда  Семей қалалық ішкі істер басқармасында «Нұрлы жол-Нұрлы болашақ» тақырыбында Елбасы жолдауын талқылауға  байланысты кездесу өткізді. Іс шара барысында ІІБ-ның ақпараттық-аналитикалық және штаб бөлім қызметкерлеріне баяндама оқылды. Кездесу барысында Елбасы жолдауы талқыланып, соңында қатысушылар жолдауға байланысты  сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.

Просмотров: 340 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында 2 желтоқсан - «Отбасылық құндылықтар» тақырыптық күніне байланысты  Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларының арасында ағылшын  тілі пәнінен  ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа Семей қалалық қан орталығының дәрігерлері мен мейірбикелері қатысты. Сабақ барысында  тыңдаушылар отбасылық құндылықтар жайлы әндер тыңдап, сөзжұмбақтар шешіп, өз жанұялары жайлы айтып, «My family» тақырыбыны байланысты викториналық сұрақтарға жауап берді.  ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 486 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   2016 жылдың 28 қараша күні тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлттық валюта» тақырыптық күніне байланысты орыс тілі тыңдаушылары арасында ашық сабақ өтті. Сабаққа Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, медициналық университеті және М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде оқитын оралмандар қатысты.

   Сабақ барысында төл теңгеміздің шығу тарихы жайлы айтылды. Сабақ соңында тыңдаушылар «теңгенің» тарихына байланысты викториналық сұрақтарға жауап берді.  ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 378 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   2016 жылдың 25 қарашасында тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік тұғырында  25 жыл» тақырыбында әкімшілік қызметкерлері арасында  диктант жазу іс-шарасы өтті. Іс-шараны мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.К.Көпбаев ашып, іс-шараға  қатысқан қызметкерлердің бөлім басшыларына алғыс білдірді.

   215  сөзден тұратын диктант мәтіні Б.Ө.Жақыптың «Кемеңгер: Н.Назарбаев әлем назарында» к ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 391 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   2016 жылдың  24 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында «Мемлекеттік тіл» тақырыптық күніне  орай тілдерді оқыту орталығының  ұйымдастыруымен «Тіл  мәртебесі- ел мәртебесі» тақырыбында сайыс болып өтті. Сайысқа  Семей қаласының ІІБ атынан «Семей сақшылары» және Қорғаныс министрлігінің 31767  әскери бөлімінің қызметкерлерінен құралған «Айбын» топтары қатысты. Сайыс барысында топтардың  тілді меңгеру деңгейлері, қазақ тілінде таза сөйлеуі, сөйлеу мәдениеті, топпен жұмыс істеу қабілеттері бағаланды. Сайыс қорытындысы бойынша «Семей сақшылары» тобы «Тіл білгірі», «Айбын» тобы «Тіл шебері» номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Просмотров: 286 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында 2016 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында «Қазақстан Республикасының Конституциясы»,  «Мемлекеттік рәміздер», «Азаматтық қоғам» күндеріне орай «Заңды білу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңгері Ж.И.Сүлеев, мәдениет және тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Т.Б.Берікбекова, «Достық үйі» директорының орынбасары С.Қ Ешимова қатысты.

  ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 398 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   2016  жылы 23 қыркүйек күні ҚР ҰҚК шекара қызметі 2098 әскери бөлімінде  Қазақстан халықтары тілдері күніне орай  "Қазақ тілін білу - Қазақстандық патриотизмнің белгісі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Отырыстың барысында әскери бөлім қызметкерлері мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы және тілдің үш тұғырлығы туралы өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, әскери бөлім қызметкерлері тіл туралы ұлылар айтқан ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер бойынша сөз жарыстырып, тіл туралы ойларын қорытындылады. ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 394 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   2016 жылдың  4 қарашасында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай  «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты облыстық конференция болып өтті. Конференция барысында мемелекеттік тілдің мәртебесімен қатар, тілді оқыту жолдары талқыланды.

   Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының, Шығыс Қазақстан облыстық сотының, Өскемен қаласы әскери полицияның өкілдері, мемлекеттік орган басшылары, Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің мамандары, облыстағы жоғары оқу орындарының ғалымдары және Семей, Катон, Зырян, Риддер, Ұлан т.б. аудандардан мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары, оқытушы-әдіскерлері, тіл мамандары қатысты.

   Конференцияға Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры О.А.Соғымбай қатысып, орталықтың жұмысы туралы хабарлама жасады.

Просмотров: 322 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

.

   2016 жылдың  28 қазан күні «Қалалық достық үйінде»   облыстық «Возрождение»  немістер қоғамдық  бірлестігінің ұйымдастыруымен «Неміс тілі – ана тілі және шет тілі, мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстелге Қазақстандағы Германия елшілігінің өкілі, «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» мұғалімі,  білім бөлімі қызметкері,  №43, 10, 35 мектептер,  Шәкәрім атындағы және  КазГИУ ұстаздары мен студенттері,  НЗМ мұғалімдері мен оқушылары, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж мұғалімі және де оқушылар мен ата-аналар қатысты.  Отырыс барысында неміс тілінің қазіргі таңдағы жағдайы туралы ой қозғалып, келешекте тілді қолданыс аясын кеңейту мақсатында ат ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 289 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   2016  жылы 28  қыркүйек күні Қарттар   күніне орай Семей қаласындағы «Қарттар үйі» қызметкерлері арасында «Тілге құрмет, елге құрмет» тақырыбында сайыс өтті. Сайыс барысын бағалауда «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» қызметкері қатысты.  Сегіз бөлімнен тұратын сайыс барасында сайыскерлер бірде тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашса, «Ұйқасын тап» сайысында сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударды. Және де  берілген мәтінді минутқа оқып, тақырыптық мақал-мәтелдерді  көп білетендіктерін көрсете білді. Сайыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталып, қарттар үйінде өмір сүріп жатқан қарттарымыздың назарына концерттік  бағдарлама ұсынылды.

Просмотров: 383 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

« 1 2 3 4 »