Басты » Архив материалов

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі елімізде жылда кең көлемде аталып өтеді. Биыл «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында» «Наурыз-жыл басы» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барасында наурыз мерекесіне байланысты салт-дәстүрлер туралы ақпараттар беріліп, наурыз нақыштары, ырымдар туралы айтылды.

Мерекелік дастарханға ұласып, қонақтар наурыз көжеден дәм татып, наурыз бата берді.

Просмотров: 423 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.03.2017

Тотальный диктант

2017 жылдың 8 сәуірінде «Қалалық Достық үйінде» дүниежүзілік білім беру акциясы аясында «Жаппай диктант жазу» өткізіледі. Апта сайын, жұма күндері, № 19 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі мұғалімдері және «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» бірлесе отырып, Достық үйінде сағат 17:00-де (Ленина көшесі 4, кіші зал, 18-кабинет), «Жұмадағы орыс тілі» тақырыбында тегін дайындық курстары ұйымдастырылады. Курс барысында орфография және пунктуация бойынша күрделі ережелерді талдау жұмыстары жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 52-63-46

Просмотров: 490 | Добавил: semey_tyl | Дата: 14.03.2017

Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген 1 наурыз – Алғыс айту күні елімізде Елбасының  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында көтерген  бастамасы бойынша екінші жыл тойланып отыр. Осыған орай «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында» жексенбілік мектептер топтарының қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті.

Шараға неміс, татар, орыс, еврей  тілі топтары мұғалімдері және тыңдаушылары қатысып, өз тілдерінде құттықтап,  ән мен өлең жолдарын  арнады. Мерекелік жиын соңында орталық директоры О.А.Соғымбай қатысушыларға алғысын білдіріп, жексенбілік мектептерге Алғыс хаттар тапсырды.  ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 284 | Добавил: semey_tyl | Дата: 02.03.2017

   «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы»  елімізде үш тілділік саясатын дамыту үшін «Қазақстан-Семей» телеарнасымен бірлесе жұмыс жасауда. Телеарнаның «Қайырлы таң» бағдарламасында орталықтың ұйымдастыруымен «Ағылшын тілін үйренейік» айдары жүргізіледі.

   2017 жылдың 14-16 ақпан күндері «Қазақстан Республикасының Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» жүзеге асыру мақсатында орай «Қазақстан-Семей» телеарнасы қызметкерлері мемлекеттік  тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында КАЗТЕСТ сынағын тапсырды. Алдағы уақытта  осы бағдарлама бойынша серификатқа тестілеу тапсыру жоспарланған.

Просмотров: 336 | Добавил: semey_tyl | Дата: 23.02.2017

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында 23 қараша - «Мемлекеттік шекара» және 24 қараша - «Мемлекеттік тіл» тақырыптық күндеріне  орай тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2098  әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы туралы, еліміздің тыныштығын сақтайтын шекарашылар туралы әңгіме өрбітіп, әскери бөлім қызметкерлері мемлекеттік  тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында КАЗТЕСТ сынағын тапсырды. Кездесу соңында әскери бөлім қызметкерлері орталық қызме ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 352 | Добавил: semey_tyl | Дата: 23.02.2017

   2017 жылдың  3 ақпанында  «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығында»   Елбасының «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде 44293 әскери бөлім мен ішкі істер басқармасы қызметкерлері, қала тұрғындары және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика  ғылымының кандидаты Ғазизова Назигул Слямболовна қатысты. Отырыс барысында Елбасының жолдауы бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы сөз қозғалды. Н.С.Ғазизова  «Саяси жүйен ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 384 | Добавил: semey_tyl | Дата: 23.02.2017

   «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы бойынша әскери бөлімдерде мемлекеттік тілді дамыту, оқытуға қатысты басшылық құжаттардың талаптарына  сәйкес ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін айқындау мақсатында КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырулары қажет.

   Осыған орай, ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері  Әскери-әуе күштері қолбасшысының ТжИЖ жөніндегі орынбасарының 2017 жылғы 6 қаңтардағы электронды хабарламасы негізінде Семей қ ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 444 | Добавил: semey_tyl | Дата: 23.02.2017

   2016 жылдың 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында «Мықты Қазақстан-мықты өңірлер» тақырыптық күніне  орай тілдерді оқыту орталығының  жексенбілік мектебінің неміс тілі мұғалімінің ұйымдастыруымен «Сильный Казахстан – сильные регионы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

   Сабаққа Семей қаласының мектептерінде оқитын неміс ұлтының балалары қатысты. Қазақстанның әр өңірлері туралы ақпараттар берілді, неміс тілінде сөйлеп, топпен жұмыс істеу қабілеттері көрсеттілді. Сабақ  қызықты өтті.

... Ары қарай оқу »

Просмотров: 380 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   2016 жылдың  29 қарашасында тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес    «25 жұлдызды күн» аясында Ядролық қарусыз әлем күніне орай «Безъядерный мир» тақырыбында жексенбілік мектептің татар тілінен ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа 11 тыңдаушы қатысып сабақ қызықты әрі өз дәрежесінде өтті.

                                                                  & ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 352 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25  жылдығын тойлауға байланысты Елбасы Жарлығына сәйкес «25 жұлдызды күн» аясында, 26 қараша - «Бірегейлік және бірлік » тақырыптық күніне байланысты  жексенбілік мектепте  қалалық мектеп бітірушілері  арасында «Мәңгілік ел- бейбітшілік, келісім, патриотизм, бірлік» тақырыбында орыс тілі пәнінен  ашық сабақ өтті. Мектеп бітірушілер  көкейкесті тақырыбын меңгеріп, «Бірегейлік және бірлік » тақырыбында эссе жазуды үйренді.

Просмотров: 294 | Добавил: semey_tyl | Дата: 22.02.2017

« 1 2 3 4 »